Құқық қорғау органдары

Өңірде бір күнде Сібір елігін заңсыз аулаудың 2 фактісі тіркелді

Облыста бір күнде Сібір елігін заңсыз аулаудың 2 бірдей фактісі тіркелді.

Мамлют ауданының тәртіп сақшыларына Новое ауылының маңында түз тағысының атылғандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер Ауди автокөлігін тоқтатады. 3 ер адам қос ұңғылы 12 калибрлі мылтықпен аңшылық құрған. Атылған Сібір елігінің өлі денесі бірнеше метр жерден табылады.

Тағы бір факті Шал ақын ауданында тіркелді. Алқаағаш ауылының маңында полицейлер Жигули автокөлігін тоқтатады. Темір тұлпарды тінту барысында еліктің еті, 12 калибрлі екі гильза табылған. Заңсыз аңшылық құрды деген күдікпен ауылдың 3 тұрғыны ұсталды. Қос факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-ші бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Казиканова Алтынай