Интернет алаяғы қала тұрғынын сан соқтырып кетті

Құқық қорғау органдары

21:40 13 Қазан 2020

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 300-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Соңғы кездері өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратындар көбейіп кетті дейді полицейлер / әрі жалған ұтыс ойындарын өткізу жағдайлары жиілепті. Жуырда қала тұрғыны осындай науқанға қатысамын деп 70 мың теңгеге жуық ақшасын айырылып қалған.

41 жастағы нәзікжанды Instagram арқылы 11-ші iPhone-ға ұтыс ойынына қатысыпты. Көп ұзамай азаматшаға “Сіз жеңімпаздар қатарындасыз” деген хабарлама келіп түскен. Ол ұйымдастырушыларға өзінің мылқау екендігін жеткізіп, ақпаратты жазбаша жіберіп отыруды өтінеді. Ұйымдастырушылар қу болып шықты, өйткені олар бұл сәтті пайдаланып ұтыс жүлдесін пошта арқылы жіберу үшін ақша төлеу керек екендігін айтқан. Содан көпбалалы ана 69 мың теңгеге жуық соманы аударып жібереді.

Адамның сенімін иелену үшін алаяқтар, тіпті, фото мен видео есеп жіберіп отырған екен. Қулардың тұзағына түсінген қала тұрғыны полицияға хабар беріпті. Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Үмітбек Фархадов – Петропал қалалық ПБ тергеушісі:

– Интернет желісіндегі күмәнді ұтыстарға қатыспау абзал. Жүлдені қолға алмас бұрын алдын ала төлем жасамаңыз. Соңғы кездері алаяқтар өздерін банк жұмыскерлері деп таныстыруда. Негізінде, шынайы банк қызметкерлері сізден жеке мәліметті телефон арқылы сұрамайды. Сондықтан, мұндай ақпарды бөгде адамға бермеңіз.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 320 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Осы орайда полицейлер кез келген қаржылық операция жасар алдында барлық ақпаратты мұқият тексеріп алу қажет екендігін қаперге салады.

 

 

 

 

Бисенова Жанна

 

Бұдан әрі оқыңыз

Мамлют ауданында учаскелік инспекторға қызметтік үй салынады
СҚО ПД-да ерлік сабағы өткізілді
Облыстық ПД басшылығы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
СҚО-да 36 жастағы азамат жұмыс орнында қаза тапты
Үздік тергеуші
Кеше облыс аумағында 6 бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді
Полицейлер ІІО ардагері Қайдар Кашеновты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады
«102» мобильдік қосымшасы іске қосылды
СҚО-да есірткі саудасымен айналысқан 4 адам құрықталды
Полицейлер “Қауіпсіз жол” акциясын қорытындылады
Облыстық сот өкілдері өткен жылды қорытындылады
СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді өлгенше сабап тастаған