Құқық қорғау органдары

Жергілікті полицейлер кезекті рейд шарасын өткізді

Карантин қағидалары кешкілік уақытта қалай сақталады? Петропавлдық полицейлЕр кезекті рейд өткізді. Тәртіп сақшылары бұл жолы тағы да  білдей бір коттеджді жалға алып, туған күн тойлап жатқан жасөспірімдердің үстінен түсті.

Полицейлер алдымен “Конгресс” және “Эмират” мейрамханаларына соқты. Кең залдарға өтіп, тойдың бар-жоқтығын тексерді. Бұл жерлерде заңбұзушылық тіркелген жоқ. Содан соң тәртіп сақшылары шаһардағы жалға берілетін коттеджтерді аралауға кірісті.

Ульянов көшесіндегі үйлердің бірінде жасөспірімдер көңілді кеш ұйымдастырған. Тәртіп сақшыларының келуін күтпеген жастар музыканы бірден өшіріп тастады. Бас қосуларының себебі – туған күн. Сағат кешкі 9. Олар 6-дан бастап жиналған. Тең жартысы – кәмелетке толмағандар. Екеуі, тіпті, масаң күйде. Түн ортасында балаларын қараусыз жіберген ата-аналарға, бас қосқан жасөсөпірімдерге және коттеджді жалға берген тұлғаға қатысты тиісті материал жинақталды.

Қуандық Қанжігітов – Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы:

– Ульянов көшесіндегі 21-ші үйде карантин қағидаларын бұзудың фактісі тіркелді. Тіркеу барысында коттеджде 23 адамның болғаны анықталды. Оның 11-і – кәмелетке толмағандар.

Енді аталған тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, әрқайсысы 30 АЕК көлеміне дейін айыппұл төлеулері тиіс.

Жанна Бисенова