МТРА жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы экспертиза жүргізетін мамандарды іріктеу байқауы басталды

Ел көлемінде  жемқорлыққа қарсы экспертиза жүргізетін мамандарды іріктеу байқауы басталды.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың нормативтік құқықтық актілерін тексеру. Мәселен, құрастырылған қаулыларға мониторинг жүргізіп, олардың заңдылығын бақылау. Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті өкілдерінің пікірінше, мұндай әдіс қоғамдық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Барлық жұмысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастыратын болады. Байқау 4 кезеңнен тұрады.

Эльмира Садвокасова