МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Маскалардың сатылымдағы шектік бағасы 60 теңгенің көлемінде болу қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөніндегі кеңесте көптеген елде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын атап өтті.

Сол себепті, біздің елімізде індетке қатысты жағдай ушыққан кезде мемлекеттік органдардың оған дайын болуы қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түйткілді мәселелерді тізбектей келе, тест сынамаларын алу көлемінің азайғанына назар аударды. Сондай-ақ, бүкіл әлемде зертханалар желісінің кеңейгеніне және тестілеу бағасының төмендегеніне қарамастан, елімізде оның құны жоғары болып отыр. Яғни 10 мыңнан 18 мың теңгеге дейін. Тұрғындардың басым бөлігі үшін бұл баға қымбат деп ойлаймын. Үкімет пен әкімдіктер тест сынамасын алудың қаржылай қолжетімділігі мәселесін шешуі керек деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Басқа елдермен, соның ішінде, Ресеймен салыстырғанда бетперделердің бағасы әлі де шарықтап тұр. Оның да бағасын төмендету қажет. Үкімет бетперделердің бөлшек саудадағы шекті бағасын 60 теңге көлемінде бекітуді жоспарлап отыр. Маған хабарлаған мәлімет бойынша, Ресейде бұл баға 20-30 теңге шамасында. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне мұндай бағалардың сәйкестігіне талдау жасап, зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағаларына мониторинг жүргізуді тапсырамын.

Бердимурат Баймухан