МТРА жаңалықтары

Өңірдегі энергетикалық кәсіпорындар қауырт маусымға дайын

Өңірдегі барлық энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындар қысқа әзірлік паспорттарын алды.

Бұл құжат ұйымдарға  жыл сайын беріледі. Ол энергетикалық компаниялардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын растайды. Биыл атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті кәсіпорындардан өтініштерді тамыздың 15-сінен қабылдаған. Әзірлік паспортын алу үшін аталған департаментке энергия өндіруші және энергия таратушы ұйымдар талапқа сәйкес қауырт маусымға дайындық актісі мен энергетикалық сараптама қорытындысын ұсынулары қажет болатын. Осы орайда айта кетейік, өлкедегі барлық компанияларға әзірлік паспорты берілді. Кейбіреуіне тиісті құжат қолдарына табыс етілгенімен ескертулер жасалған. Оларды белгілі бір уақыт аралығында міндетті түрде орындау қажет. Өйтпеген жағдайда құжат қайтарылып алынады және 300 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады.

Николай Борзилов – Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті СҚО бойынша аумақтық департаментінің жетекшісі:

– Егер энергия өндіруші және энергия беруші ұйым қауырт маусымға әзірлік паспортын алмаса қомақты көлемде айыппұл тағайындалады. Мәселен, шағын кәсіпкерлік пен орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 және 150, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 

Ешкенова Дана