Қоғам

Солнечный кентінің сыртына қоқыс төккен ер адамға айыппұл салынды

31 жастағы азамат тракторыменөзі тұратын шағын ауданның шет жағына шығып, қоқыс төккен. Бұл сәтті жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Тұрмыстық қалдық төгуге арналмаған жерді ластағаны үшін айыпты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары оған 13 мың теңгеден астам айыппұл салды. Онымен қоймай, сол манағы төккен қоқысынөзіне қайта жинатып, полигонға апартқызған.

Актолкын Солтанханкызы