COVID-19: Қазақстан

СҚО-да карантин режимін бұзудың 1500-ге жуық фактісі тіркелді

Облыста шілденің 5-ші жұлдызынан бастап карантин ережелерінің сақталуын қадағалайтын 21 мониторингілік топ жұмыс істеуде.

Арнайы топтың құрамына полицейлЕр, прокурорлар, санитарлар мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіреді. Мамандар жаздың екінші айынан бері өлкемізде шектеу шараларын бұзудың 1431 фактісін тіркепті. Көбінесе, тұрғындар қоғамдық орындарда бетперде тақпайды екен. Мұндай 1 мыңға жуық жағдай орын алған.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Облыс бойынша бірқатар мерекелік іс-шараларды көп адам санымен өткізу, белгіленбеген уақытта сауналардың жұмыс істеуі, ойын-сауықтыру орындарының жұмыс істеу фактілері анықталды. Аталған бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналып, тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Казиканова Алтынай