Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда 3D форматында жаяу жүргіншілер жолы пайда болды

Заманауи жол белгісі  көшедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және жалпы, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынып отыр. Тың дүние, әзірге, Сәтпаев-Фрунзе көшелерінің қиылысында және Заречный кентінде жасалған.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Алыстан келе жатқанда жүргізушілерге жолда блоктар жатқан сияқты көрінеді. Яғни, соның арқасында олар өздерінің жылдамдықтарын төмендетеді. Жалпы, мұндай жолақтар көршілес елдерде жиі кездеседі. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларында да салынып жатыр.

Наталья Пенчукова – қала тұрғыны:

–  Осындай жүргіншілер жолын ойлап тапқандары жақсы болды. Мұндай дүниені көріп таң қалдым. Енді жолдан алаңсыз өте беретін боламыз. Ризашылығымды білдіремін.

Казиканова Алтынай