Білім

Елімізде колледж педагогтары қосымша ақы алатын болады

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

https://youtu.be/DOBQkmtLvCU[/youtube]

Биылдан бастап елімізде колледждерде жұмыс істейтін оқытушылар өздерінің біліктілік санаттарына қарай қосымша ақы алатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай жағдай мектеп мұғалімдеріне жасалған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануына байланысты енді колледж ұстаздарының да кірісі артады. Мамандарға тұрақты түрде айлық табыстарының 30-дан 50%-ке дейінгі көлемінде қосымша ақша төленбек. Ал мекеме директоры мен оның орынбасарлары атқарған жұмыстарының тиімділігіне қарай өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алмақ.

Ешкенова Дана