БілімҚұрылыс

Биыл Мамлют ауданында 6 мектеп күрделі жөндеу көрген

Биыл Мамлют ауданында 6 мектеп күрделі жөндеу көрген. Қалыпқа келтіру жұмыстары Новомихайловка орта мектебінде де жүргізіліпті. Оқу ошағындағы шаруаны атқаруға “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында 58 млн теңге жұмсалған.

Биыл Новомихайловка ауылында 50 жылдық тарихы бар оқу ошағы күрделі жөндеу көрді. Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілгелі бері мектептің ажары ашылды. Бұған оқушылар да, мұғалімдер ұжымы да дән риза.

Қарлығаш Төлепбергенова – Новомихайловка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Мамлют ауданы:

– Өткен жылы көктемде күн ысыған кезде терезелерді аша алмай қалдық. Қазір өте ыңғайлы.

Жөндеу кезінде 3 қабатты нысанның шатыры ауыстырылыпты. Сондай-ақ мектептің қасбеті боялған. 140-тан астам ағаш терезенің орнына пластиктен жасалғаны қойылған. Шаруаны атқаруға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 58 млн теңге бөлініпті.

Серік Төлепбергенов – Новомихайловка орта мектебінің мұғалімі, Мамлют ауданы:

– Жауапты жұмыс жергілікті «ПетроБилдинг» серіктестігіне сеніп тапсырылған болатын. Мамандар істі мамырда бастап, тамызда аяқтады. Айта кетейік, мектепте жалпы 113 оқушы білім алады.

Биыл Мамлют ауданында жалпы 6 мектеп күрделі жөндеу көрген.

Маржан Касымбек