МТРА жаңалықтары

Қалалық білім бөлімінің қызмет көрсету сапасы

Қалалық білім бөлімі 20-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері тұрғындардан 14 мыңға жуық өтініш қабылданған. Оның 10 мыңнан астамы электронды форматта жолданыпты. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтылды.
Петропавлдықтар білім бөліміне, негізінен, баланы балабақшаға және 1-ші сыныпқа беру жөнінде жүгінеді екен. Мәселен, мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезекке тұру бойынша 5 мыңға жуық өтініш онлайн түрде қабылданған.

Динара Рақышева – қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Аталған қызметтер “INDIGO” және “Сакура” жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, e-gov “Электрондық үкімет” порталы арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл ата-аналар үшін өте ыңғайлы. Әсіресе, қазіргі карантин кезінде ешқайда шықпай, құжаттарды интернет арқылы жолдауға кең мүмкіндік жасалған.

Бисенова Жанна