Құрылысы аяқталмаған нысанды қабылдаған бөлім басшысы жауапқа тартылуы мүмкін

МТРА жаңалықтары, Құқық қорғау органдары

20:03 8 Қазан 2020

Ақжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы жауапқа тартылуы мүмкін.

Ол тұрғызылып жатқан нысанды алдын ала қабылдады деген күдікке ілігіп отыр. Мәселенің мән-жайын жіті баяндайық. Осыдан 2 жыл бұрын 324 млн 800 мың теңге бөлініп, Талшық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салына бастады. Сол кезде жергілікті әкімдік пен белгілі бір серіктестік арасында шарт жасалған. Шарт бойынша ғимарат 2019-дың желтоқсанында қолданысқа берілуі тиіс еді. Бірақ, көрсетілген уақытта жоспар орындалмады. Нақтырақ айтсақ, 36 млн 811 мың 224 теңгенің шаруасы тындырылмады. Осы сәтте мердігер / тапсырыс берушіге кепілдік хат ұсынып, істі ағымдағы жылдың қаңтарында тәмамдаймын деп уәде еткен. Бұған бөлім басшысы иланып, жұмыс 100 пайыз аяқталды деген актіге қол қойған. Алайда, кешен қаңтарда да тапсырылмады. Осыған байланысты бұл мәселені облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері бақылауға алды. Нәтижесінде нысанның құрылысы аяқталды. Ал мемлекеттік қызметшіге қатысты іс қозғалды.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Мұндай бұзушылық жұмыстың толық, уақытылы әрі сапалы атқарылуына бақылау жүргізілмегендіктен орын алып отыр. Сол себепті, біз бұзушылықтарды жою бойынша Ақжар аудандық әкімдігіне ұсынымдар жолдадық. 

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізіледі
500 мыңға жуық ел тұрғыны банктердің “қара тізімінен” шығарылады
Бір үйір жылқыны айдап әкеткен 6 адам қолға түсті
Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Облыстық ҚХА-ның XXV сессиясы өтті
Пресновка ауылының тұрғындары ауыз суға зәру
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты
Аққайың ауданына Германиядан симментал тұқымды ірі қара әкелінді
Әскери-техникалық мектеп сарбаздарының кезекті легі ант қабылдады
БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің жағдайы сөз болды
Петропавлда пәтер ұрысы ұсталды
СҚО-да 4 саяси қуғын-сүргін құрбаны ақталды