МТРА жаңалықтары

Праймеризге қатысқан қалалықтар марапатталды

Праймеризге қатысқан қалалықтар марапатталды. Мәслихат пен мәжілісте / халық қалаулысы болуға ниет білдірген 100-ге жуық үміткерге / Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты табыс етілді.

Қобалжуға толы күндер артта қалды. Үгіт-насихат шаралары, пікірсайыс пен дауыс беру мәресіне жетті. Енді алдағы күндері халық қалаулылары таңдалады. Ал бүгін праймериз қатысқан қалалықтар белсенділік танытқаны үшін марапатталмақ.

Құмар Ақсақалов – «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасы:

– Праймериз кезінде еліміз үшін ерінбей еңбек ете алатын азаматтар мен азаматшаларды көрдік. Әр нұротандық өзінің қуатты саяси ұйымның мүшесі екендігін сезінді. Жаңа жүйе бойынша электрондық түрде дауыс беріп таңдауын жасады.

106 үміткер. Петропавл бойынша праймеризге осынша адам қатысқан. Олардың тең жартысына жуығы – әйелдер қауымы. Солардың бірі – Елена Семидоцких. Флористика саласында жұмыс істейтін нәзікжанды шаһарды одан әрі көгалдандырып, ірі жобаларды жүзеге асырғысы келеді. Арманы асқақ азаматшаға Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты табыс етілді.

Елена Семидоцких – флористика студиясының директоры:

– Өзім флористика саласында жұмыс істеп жүргеніме 10 жылға жуық уақыт өтті. Қаламыздың ажарын одан әрі шырайлы еткім келеді. Қараған кезде көздің жауын алатын ерекше тал егу жобасын әзірлеп жатырмын. Жасыл желектер солтүстіктің қысына шыдамды келеді. Маған қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысым шексіз.

Ал Бақытжан Тұрсынов “Үздік спикер” аталымы бойынша марапатталды. Жас жігіт Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ береді. Болашақта жастарға мамандық таңдау бойынша кеңес беретін шағын ұйым ашуды мақсат етіп қойыпты. Оған қоса, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандардың мәселесін шешуге көмек қолын созғысы келеді.

Бақытжан Тұрсынов – Химия-биология бағытындағы НЗМ мұғалімі:

– Праймеризде жастарды толғандырып жүрген мәселені билік өкілдеріне жеткізуге тырыстым. Жас мамандардың шешілмей жатқан түйіткілдерін жеткіздім.

Жиында жалпы 7 адам түрлі аталым бойынша марапатталды.
Айта кеткен жөн, мәслихат пен мәжіліс депутаттары қазанның соңында арнайы ұйымдастырылған конференцияда анықталатын болады.

 

Маржан Касымбек