ТКШ

Петропавлда көпқабатты 400-ге жуық үйде басқару нысаны жоқ

Петропавлда көпқабатты 400-ге жуық үйде / басқару нысаны жоқ. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша бұл жағдай / тұрғындардың ұйымшылдық танытпауларынан орын алып отыр. Салдарынан ортақ шаңырақтары – баспанаға тиісті күтім жасалмағандықтан, азып-тозуына әкеп соқтырады. Облыс орталығында көпке үлгі бола алатын Пәтер иелері кооперативтері де /бар!

Қысқа дайындықты “5 линия 4” пәтер иелері кооперативі мамыр айында бастаған. Ерте қамданғандықтан тиісті шаруа да ерте аяқталып, мәселелердің барлығы шешілген екен. Дегенмен, қазір ПИК өкілдері қол қусырып отырған жоқ. Жағдайды үнемі бақылауда ұстауда.

Валентина Новиженная – “5 линия 4” ПИК төрайымы:

– Апта сайын тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Кәріз, жылу желісін және су құбырларын қараймыз. Бір ақау байқап қалсақ, тұрғындар мен мамандардың басын қосып, дереу жұмысқа кірісеміз.

ПИК қызметкерлері мен тұрғындар тазалық сақтауда, су мен жылуды үнемдеуде де ұйымшылдық танытады. Олар коммуналдық төлемдерді де уақытылы жасап тұрады, тіпті, жөндеу жұмыстарына да қатысады. Ал Назарбаев көшесінде орналасқан 284-ші “а” үйінде мүлде басқаша көрініс. Нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Шатырды ауыстыру қажет. Жаңбыр жауса, төбеден су ағатын көрінеді.

Күлбану Ибраева – қала тұрғыны:

– Бұл үйде 17 жылдан бері КСК жоқ. Төбеден судың бәрі ағып жатыр. 5-ші этажда тұратын тұрғындар ақша төлегілері келмейді. Подвалдың да жағдайы сондай. Трубалардың барлығы кетіп жатыр. Модернизация кезінде бұл үйде КСК болмағасын, модернизацияға алмаған. Сол кезде алса, шатыр барлығы жөнделер еді.

Назарбаев көшесінде орналасқан бұл үйде 64 пәтер бар, бірақ ұйымшылдық жоқ. “Келісіп пішкен тон келте болмайды”. Егер тұрғындар өзара тату болса, мұндай мәселе орын алмас еді. Ендігі міндет – ағайын жиналып, іштерінен белсенді жанды жауапты тұлға етіп сайлау керек және проблеманы соның жетекшілігімен шеше білулері қажет.

Ерсайын Альясов – қалалық тұрғын үй инспекциясының өкілі:

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша ПИК деген ұғымның 2021 жылға дейін күші бар. Кейін мүлде қолданылмайтын болады. Оның орнына адамдар өзін-өзі басқару формасына көшеді. Яғни, ішкі мәселелерді өзара шешеді. Сондықтан, басқару формасы жоқ үй тұрғындары бірлесе топ құрып, тіркеуден өтулері қажет.

Жалпы, бүгінде Петропавлда мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Қазан айындағы есеп бойынша олардың 394-інде басқару нысаны жоқ.

 

 

 

Казиканова Алтынай