Тәртіп сақшылары көңілді кеш ұйымдастырған 42 петропавлдықты құрықтады. Оның 12-сі – кәмелет жасына толмаған балалар, қалғаны – жасы 18-ден асқандар. Жастар Новаторная көшесіндегі коттедждердің бірін жалға алып, әлеуметтік желі арқылы достарын шақырған.
Шулы отырысқа қатысты наразылықтарын білдірген көршілер полицейлерді шақыртқан. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер / қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, әке-шешелеріне қайтарылды. Түн ортасында балаларын қараусыз жіберген ата-аналарға қатысты материал жинақталды. 3 жасөспірімнің, тіпті, мас күйде болғаны анықталған. Ал коттеджін жалға берген адам мен отырыста болған 18 жастан асқан жандар / карантин қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Зарина Елубаева – қалалық ПБ ЖПҚ инспекторы:
– Осы 42 іс базаға тіркелді. Шешім қабылдау үшін оның барлығы қалалық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді. Одан бөлек, 29 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бисенова Жанна