Өңірде “Қайырымдылық керуені” республикалық байқау бастау алды

Қоғам

21:31 7 Қазан 2020

Игі іс жасап, жеңімпаз атан! Өңірде “Қайырымдылық керуені” атты республикалық байқау бастау алды.

Оған кіндік қаны тамған жерінің дамуына сүбелі үлес қосып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүрген жандар қатыса алады. Үміткерлер “Асар”, “Туған жер”, “Батыл жүрек”, “Мейірім жолында” және “Қайырымдылық тарихы” атты 5 номинация бойынша бақ сынайды. Сайыстың басты мақсаты – патриот әрі жомарт адамдарды, олардың тындырған істерін көпшілікке насихаттау. Конкурсқа өтініштер қазанның 1-ші жұлдызынан бастап қабылданып жатыр. Науқан желтоқсанның 15-іне дейін жалғаспақ. Жалпы, бұл байқау елімізде 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Шараны Тұңғыш Президент қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы өткізуде.

Бақытжан Сәмиева – СҚО әйелдер күштері альянсының төрайымы:

– Бұл байқауға үлкені мен кіші қатыса алады. Ең бастысы – еліне үлесін қосып, жақсылық жасауға асыққан жандар болса жеткілікті.

 

 

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Өңірдегі 26 мыңнан астам мүгедектің өмір сүру сапасы жақсармақ
Тәуелсіздік құрдастары
Рухани-адамгершілік тәрбие – жемқорлықтың алдын алудың негізі
Биыл өңірде 22 инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының отырысы өтті
Білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу
Коронавирус үй жануарларынан адамға жұғуы мүмкін бе?
Өңірде “Жылулық сыйла” акциясы өтуде
Тәуелсіздік құрдастары ардагерлер кеңесіне қатысты
Жергілікті кәсіпорыннан қолдау
Жарылыс болған жатақхана қалыпқа келтірілуде