Құқық қорғау органдары

СҚО-да 500 литр гербицид ұрлаған жұмысшы ұсталды

Өңірдегі серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтін 33 жастағы механизаторға / 500 литр гербицид ұрлады деген айып тағылып отыр.

Ол жымқыру фактісі орын алған кәсіпорында  көлікке химиялық қоспа құюмен айналысқан. Осы мүмкіндікті пайдаланып  ауыл тұрғыны алқапты күтуге арналған заттан  күнде өзінің ыдысына да тамызып отырған. Кейін жиналған сұйықтықты көкшетаулық танысына сатып жіберіпті. Көп ұзамай тапсырыс беруші ұсталды. Ол ұрланған дүниені қалаға апара жатқан кезінде қолға түскен. Бұл факті Тимирязев ауданында “Астық” жедел -алдын алу іс-шарасы аясында әшкереленді. Гербицид иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бердімұрат Баймұқан