МТРА жаңалықтары

Праймериз қатысушыларына дауыс беру аяқталды

“Nur Otan” партиясы праймеризінің қатысушыларына дауыс беру кеше аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау  қазанның 1-і басталып 3-і аяқталуы тиіс еді. Бірақ, дауыс берудің алғашқы күні біршама техникалық олқылық орын алды. Осыған байланысты сайлау тағы бір тәулікке, яғни қазанның 4-іне, сағат 14:00-ге дейін ұзартылды. Жалпы, өңір бойынша праймеризге 632 адам қатысты. Үміткерлерге  еліміздің бас партиясына мүшелік ететін 28 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дауыс берді. Жерлестеріміздің 8 мыңы – бюллетень, қалған 20 мыңы онлайн режимде таңдау жасады. Нақты қорытынды бүгін қағаз бюллетеньдерді санағаннан кейін белгілі болмақ. Әзірге, онлайн дауыс берудің ғана нәтижесі мәлім. Көш басында облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова тұр. Праймериз жөнінде барлық ақпаратты “primaries.kz” сайтынан қарауға болады.

Ешкенова Дана