Құқық қорғау органдары

9 айдың ішінде 1500 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

Ағымдағы жылдың 9 айында өңірімізде мың жарымға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Оның 152-сі туралы “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасы барысында белгілі болды. 4 күннің ішінде полицейлЕр есепке алынған азаматтарды аралап, отбасыларындағы қазіргі жағдайды байқады.

– Сейчас не пьет, получается?

– Да, сейчас не пьет…

– Брат, ему 45 лет. Вместе живем. Постоянно приходил пьяный, постоянно обзывал меня, оскорблял, драться кидался. Сейчас прекратилось. После того, как участковый с ним поработал.

– Что вы можете посоветовать людям, которые оказались в такой же ситуациии?..

– Ну, надо не терпеть, а просто вызвать полицию, к участковому идти, какие-то меры принимать.

“Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасының да көздегені осы. Зорлық-зомбылық көргендерді анықтап, оларды қорғау. Осы орайда тәртіп сақшылары есепке алынған 2500-ге жуық адамды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді. Олардың ішінде 1400 маскүнем мен 187 нашақор бар. Тағы полицейлер әлеуметтік тұрмысы төмен 300-дей отбасының үйіне бас сұғыпты. 4 күн ішінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 152 фактісін тіркеген. Оның ішінде 74 жағдай туралы кезекші бөлімдер мен учаскелік бекетке келіп түскен ақпардың нәтижесінде белгілі болды.

Әсия Абжанова – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Кикілжіңнің туындауына күйеуі ғана емес, әйелі де себепкер болып жатады. Біз дәл осындай отбасыларды аралап, профилактикалық шара жүргіздік. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға қай жерге көмекке жүгіне алатындықтарын айттық. Алдын ала тұрмысы төмен жанұялардағы балалардың осы тақырыпта сурет салуын сұрап едік. Бұл суреттерді жиі жанжалдасатын отбасыларға ұсынып, ұрыс-керістен бірінші кезекте балалардың жапа шегетінін еске салдық.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында 1500-ге жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Нәтижесінде ішімдікке салынған 127 адам емдеуге жіберілді. Тәртіп сақшылары үйінде қысым көретін жандарды бірден 102 нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарласу қажеттігін еске салады.

Ешкенова Дана