Спорт

Петропавлда самбодан үйірме ашылды

Жаттығулар Жастар сарайында өтеді. Қазір мұнда жасы 9-дан асқан 16 бала шынығып жүр. Зал тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Самбодан сабақтар 2 топ үшін аптасына 3 рет ұйымдастырылады. Үйірме – тегін. Мамандардың айтуынша қабылданған жеткіншектердің келешегінен зор үміт күтуге болады. Талапты жастар облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, ел намысын халықаралық додаларда қорғауға мақсат қойып отыр. Үйірменің ашылу салтанатына дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов жас самбошыларға / спорт жолында сәттілік тіледі.

Сергей Мелехов – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында “Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет” деп айтқан еді. Біздің өңірде самбо үйірмесі 2004 жылға дейін ғана жұмыс жасаған. Белгілі бір себептерге байланысты оны жабуға тура келді. 16 жылдан соң бұл спортты қайта қолға алуды құп көріп отырмыз. Осында жаттығып жатқан балаларға зор үміт артамыз. Болашақта әрқайсысы чемпион болады деген сенімдемін.

 

 

Бисенова Жанна