Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі аулалардың абаттандырылуымен танысты

700 млн теңгеден астам қаражат. Биыл облыс орталығындағы аулаларды абаттандыруға осынша көлемде қаржы бағытталған.

Бұрын Әуезов көшесі бойындағы 147-ші үйдің айналасы бос болатын. Бірақ, уақыт өткен сайын бұл аумақ адам танымастай етіп өзгертілуде. Мұнда асфальт төселіп, көлік тұрағы жасалған. Қауіпсіздік үшін бейнекамералар орнатылып, тіпті, шлагбаум да қойылды. Балалар да назардан тыс қалмаған. Оларға арналып ойын және спорт алаңқайлары тұрғызылыпты.

Нина Клишишина – ПИК төрайымы:

– Келген адамдар ауламызды көріп таң қалады. Мұнда үлкендерге де, балаларға да арнап барлық жағдай жасалған. Тәртіп пен тазалықтың сақталуын жіті қадағалаймыз.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 24 шлагбаума поставили, хотя это задача КСК. Мы средства выделили, чтобы их сделали за счет областного бюджета. Единственное, теперь КСК должны содержать их соответсвующе.

Ал бұл – Назарбаев көшесі бойындағы 110-шы баспананың ауласы. Мұнда да тұрғындарға арнап барлық жағдай жасалған. Ақылды бейнебақылау камерасы мен шлагбаум орнатылыпты. Заманауи құрылғы аулаға арнайы тіркеуден өткен көліктерге ғана жол ашады.

Владимир Гриб – қала тұрғыны:

– Егер көліктің нөмірі базада жоқ болса шлагбаум көтерілмейді. Бұл – бөгде біреудің машинасы аулаға кіргізілмейді деген сөз. Егер жүргізуші тыйымға қарамастан темір тұлпарын рұқсатсыз өткізуге оқталса, құрылғы бірден полицейлердің жақын маңдағы бекетіне белгі береді.

Жалпы, биыл қала бойынша 100-ге жуық аула қалыпқа келтірілген.

Болат Жұмабеков – Петропавл қаласының әкімі:

– Кезінде берілген жерлерді қайтарғызып, сол жерге көлік тұрақтары жасалды. 1-ші желтоқсанға дейін жаңа тізім жасалады. Оған биыл жөндеу көрмеген аулалар енгізіледі.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов қаланың қақ ортасында орналасқан Интернациональная көшесіндегі аулаларды да аралап, жағдайды байқады. Өңір басшысы қалалықтармен жағымды жаңалығымен бөлісті. Келесі жылы жақын маңнан жаңа 2 мың орынға арналған Спорт сарайының құрылыс жұмыстары бастау алмақ.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Назарбаев көшесіндегі №8 мектептің жанында жеке сектор орналасқан. Биыл дәл сол жердегі ескі үйлерді сүріп, орнына жаңа Спорт сарайын орнатуға кірісеміз. Жаттығу орны бұл жерден алыс емес. Енді балалар Жас өркен ықшам ауданына бармай-ақ үйлерінің маңында шыныға алады.

Өңір басшысы Уәлиханов көшесінде де болып, жаңа асфальттің сапасын бағамдады.
Жалпы, облыс орталығында 600-ге жуық аула бар. Оның 78 пайызы биыл асфальтталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 700 млн теңге жұмсалыпты.

 

 

 

Маржан Касымбек