Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданында орақ науқаны аяқталды

Мамлют ауданында күзгі орақ науқаны аяқталды. 200 мың гектарға егілген астық дестеленді. Әр гектардың орташа өнімділігі 16 центнерді құрайды.

«Новомихайловское-2003» серіктестігінің өкілдері / биыл сәтін салып мол олжаға кенелген жайымыз бар дейді. Диқандар 11 мың гектардың / әр гектарынан 29 центнерден өнім алған. Бұл – аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, серіктестік басшылығы жақында ұн үгетін жаңа заманауи диірмен сатып алған. Ресейлік аппараттың құны 30 млн теңгені құрайды.

Вячеслав Щеголев – «Новомихайловское-2003» ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

– Су жаңа диірменнің көмегімен бидай жақсы үгіледі. Осылайша, өзімізде жасалатын тоқаш пен нанды бұрынғыдан екі есе көп пісіретін боламыз. Мамлют ауданы бойынша 10 ауылға ұн мен нан жеткіземіз. Нанның бір бөлкесі елді мекен тұрғындарына – 80-нен, ал кәсіпорын жұмысшыларына 40 теңгеден саудаланады.

Маржан Касымбек