МТРА жаңалықтары

Өңірде қоғамдық бақылау күшеймек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде / аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Диалог барысында Жолдауда айқындалған / қоғамдық бақылаудың рөлін нығайту және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайы талқыланды.

Өңірдің атқарушы органдары жарты жылда 3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 93 пайызы электронды форматта ұсынылыпты. Осы орайда Құмар Ақсақалов алдағы жылдың қаңтар айында облыста геопортал іске қосылатынын атап өтті. Оның көмегімен солтүстікқазақстандықтар жер телімдері туралы барлық ақпаратты біле алады. Бұрын мұндай мәлімет алу үшін бірнеше мекемеге жүгіну қажет болатын. Сондай-ақ, аймақ басшысы ашық әкімдіктерді де тілге тиек етті. Бүгінде өлкеде мұндай фронт-офистердің саны – 11. Жыл соңына дейін тағы Мағжан Жұмабаев және Есіл аудандарында, сонымен қатар Келлеровка селосында да ашылмақ.

Кұмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біздің өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл – атқарушы билік өкілдерінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл жұмыстыр әлі де жалғасын табады.

 

Ешкенова Дана