МТРА жаңалықтары

Тәртіп сақшылары қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін мерекемен құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күні.

Мерекеге орай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері құқық қорғау саласында талай жыл қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан 100-ден аса ардагердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтады. Ермұхамбет Қапаровтың 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Қария өз кезегінде мерекемен құттықтап, сый-сыяпаттарын ала келген меймандарға ризашылығын білдірді.

Ермұхамбет Қапаров – қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері:

– Бізді елеп, ескеріп, мейрамда құттықтап келгендеріңе, өз сый-сыяпаттарыңды ала келгендеріңе алғысым шексіз. Болашақ мамандарға біздің жолымызды берсін. Елімізге, өз ісіне адал жандар көбейе берсін!

 

 

Бисенова Жанна