МТРА жаңалықтары

Петропавлда Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік концерт өтті

Қарттар күніне орай Петропавлда мерекелік концерт өтті.

Шараны Қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі ұйымдастырды. Талантты қыз-жігіттер тамылжыта ән шырқады, мың бұрала би биледі және өлеңдер оқыды. Осылайша аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады. Концертке қазыналы қарттарымыз да белсене ат салысты. Олар музыкалық аспаптарда ойнап, түрлі туындыларды орындады.

Қарлығаш Садуева – қала тұрғыны:

– Осындай мерекеде бізді құттықтап, көңілімізді көтеріп жатқан жандарға алғысымды білдіремін.

Казиканова Алтынай