Құқық қорғау органдары

Қос петропавлдық бөгде адамның картасымен төлем жасаған

Облыс орталығында басқа біреудің картасын қолданудың 2 фактісі тіркелді.

32 жастағы келіншек “Семейный” супермаркетінде 6 мың теңгенің тауарын сатып алып, құнын бөгде адамның картасымен өтепті. Дәл осындай жағдай “Северный” сауда орнында да тіркелді. Мұнда пысықай петропавлдық /3 жарым мың теңгені басқа жанның карточкасы арқылы төлеген. Көп ұзамай қос күдікті қолға түсті. Олар банк картасын тауып алдық деп уәж айтқан. Аталған фактілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер тұрғындардан банк картасын жоғалтқан жағдайда дереу қаржы ұйымына телефон шалып, картаны бұғаттап тастау қажеттігін ескертеді.

 

Бердимурат Баймухан