ТКШ

Биыл Мамлют ауданындағы Леденёво селосына су тартылды

Мамлют ауданындағы Леденёво селосына сапалы ауыз су жетті. Талай жыл арман болған тіршілік нәрін тартуға / аудандық бюджеттен 3 млн теңге қаржы бөлінген. Оған қоса көшелерге жарық шамдары да орнатылыпты.

Сәуле Кажинова 30 жылдан астам мектепте мұғалім болып, оқушыларға ағылшын тіліннен сабақ беріпті. Зейнетке шыққанына бірнеше жылдың жүзі болған. Содан бері гүл өсірумен айналысады. Петуния, астра, кактус, алое, спатифиллум. Баспананың алды ғана емес, үйдің іші де айналаға ерекше көрік беріп, хош иіс тарататын өсімдіктерге толы. Сұлулыққа жаны құмар жан бұрын гүлдерді суару қиын болды дейді. Өйткені, селода су бағанасы болмағандықтан, тәршілік нәрін сатып алып тұрыпты. Биылдан бастап жағдай өзгерді.

Сәуле Кажинова – Леденево селосының тұрғыны, Мамлют ауданы:

– Қыркүйек айында ауылға су өткізді. Тіршілік нәрін үйге тарту үшін 200 мың теңге бердік. Қаладағыдай су жақсы ағады әрі таза. Алдағы уақытта бойлер орнатуды жоспарлап отырмын. Ойым жүзеге асса тамаша болады.

Биыл Сәуле Кажинованың үйінен бөлек, Леденево селосындағы тағы 170 баспанаға су құбыры өткізіліпті. Бұған аудандық бюджеттен 3 млн теңге бөлінген екен.

– Шаруа әйелдерінің арманы ғой. Суға жетіп қуанып жатырмыз. Осыған дейін 30 жыл бойы ауылда суды трактормен тарататын.

– Біздің ауылда зейнеткерлер көп. Олар қуанышты. Зейнеткерлерге өте қиын болды.

Бұл – Леденево селосында орын алған жалғыз оң өзгеріс емес. Биыл көшелер де жарықтандырылыпты. Ауылға аудандық әкімдіктің көмегімен
65 дана жарық шамы орнатылған.

Абзал Исманов – Леденев ауылдық округінің әкімі, Мамлют ауданы:

– Көшені жарықтандырдық. Биыл Леденево мен Новоандреевка селоларына жарық өткізілді. Леденевода көше жөнделеді. Оған қаржы бөлінді.

Көшедегі шұқырлар жыл соңына дейін жөнделмек. Шаруаны атқаруға аудандық бюджеттен 1 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Маржан Касымбек