МТРА жаңалықтары

Бүгін праймериз қатысушыларына дауыс беру басталды

Бүгін / «Nur Otan» партиясы праймеризінің үздік қатысушыларына дауыс беру басталды.

Таңдауды тек / бас партияға мүшелік ететін жандар ғана жасай алады. Сайлау 3 күнге жоспарланған. Үміткерге дауыс беру 4 әдіс бойынша жүргізіледі. Яғни, Primaries.kz сайтында, мобильді қосымша арқылы, сайлау учаскелеріндегі онлайн кабиналар және дәстүрлі түрде бюллетеньдер арқылы таңдау жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін өңірде 200 / дауыс беру учаскесі құрылыпты. Оның 100-ге жуығын дәстүрлі тәртіппен жұмыс істейді. Жалпы, өңір бойынша праймеризге қатысушылардың саны – 632.
Бүгінде нұротандықтардың қатарында 28 мыңнан астам солтүстікқазақстандық бар. Олардың 8 мыңы – бюллетень арқылы, қалған 20 мыңы – онлайн дауыс бермек. «Nur Otan» партиясына мүшелік ететін жерлесіміз Бақытжан Сәмиева / соңғы аталған тәсілді пайдаланып, өз қалауын білдірген екен. Ол 5 бірдей үміткерге дауыс беріпті. Кандидаттардың барлығы депутат болуға лайықты дейді қоғам белсендісі.

Бақытжан Сәмиева – қалалық қоғамдық кеңесінің төрайымы:

– Бүгін өз кандидаттарыма дауысымды бердім. Ол үміткерлердің бағдарламаларын оқып, танысқан болатынмын. Жалпы, праймеризге қатысып жатқан жастар мен нәзікжандыларға ризамын. Егер жеңіске жетпей жатса да ертең болшақта бұл байқау оларға үлкен тәжірибе береді.

 

 

Бердимурат Баймухан