Қоғам

Қазанның бірі – қазыналы қарттар күні

Қазанның бірі – Халықаралық қарттар күні. Елімізде атаулы датада қазыналы қарияларымызбен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қолдау мен қамқорлыққа бөленеді.

Өңірде 103 мыңнан аса зейнеткер мен 24 мыңнан астам мүгедек жан бар. Ертең бастау алатын айлық барысында облыс көлемінде бірқатар іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.

Марина Маркова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:


–  Алдағы бір ай көлемінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, емханаларда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналып ашық есік күндері өткізіледі. “Ғасыр құрдасы” акциясы аясында жасы 100-ден асқан мерейтой иелері құрметке бөленеді. Жас буын өкілдеріне патриоттық тәрбие меру мақсатында онлайн режимде сабақтар ұйымдастырылады. Барлық шаралар санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілмек.

Эльмира Садвокасова