Құқық қорғау органдары

49 жастағы қала тұрғынынан 37 грамм героин тәркіленді

Өзі қолданған әрі сатылымға шығарған. Тәртіп сақшылары аса ірі көлемде есірткі сақтап, саудалаған 49 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан 37 грамм героин тәркіленіп алынған.

Есірткі саудасымен айналысқан пысықайды полицейлер үйінде құрықтады. Оның ізіне иісшіл иттің көмегімен түскен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығының орынбасары:

–  Күдікті есірткіні Телеграмм мессенджері арқылы сатып алған. Онлайн түрде ақшасын төлеп, ұнтақты көрсетілген мекен-жайдан әкетіп жүрген. Бір бөлігін өзі қолданса, қалғанын саудаға шығарғаны анықталды. 

Эльмира Садвокасова