МТРА жаңалықтары

Петропавлда 3 жылу желісі қалыпқа келтірілуде

Петропавлда 3 жылу желісі қалыпқа келтірілуде. Бүгінде 2 жарым млрд теңге бағытталған жауапты шаруаның басым бөлігі тындырылған.Сондай-ақ, биыл “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің диспетчерлік орталығында деректерді автоматты түрде жинайтын жүйе пайда болды. Жаңашылдық барлық бекеттердегі істі бір жерден қадағалауға мүмкіндік береді.

Советский көшесінің бойында орналасқан №15 жылу желісінің ұзындығы 2 шақырымға жуықтайды. Мұнда былтырдан бері ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтсақ, мамандар ескі құбырларды жаңасына ауыстырған. Енді аумаққа асфальт төсеу қажет. Су жаңа дүние коррозияға шыдас беріп, 30 жылға дейін қызмет ете алады екен. Жауапты іске бағытталған қаржы 1,2 млрд теңгені құрайды. Айта кету қажет, дәл осындай құбырлар былтыр №9 жылу желісінде қолданылып, өзінің төзімділігін танытқан.

Андрей Калиничев – «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры:

– Қазір біз №15 мен 7-ші жылу желісі қосылған нысанда тұрмыз. Бұл – қаланың оңтүстік-батысына жылу тарататын ең ірі түйіндердің бірі. Сондай-ақ, осы жерде 70-ші жылдары тұрғызылған павильон бар. Былтыр нысан толық жарамсыз болып қалды. Яғни, кірпіш қабырғалары тозып, іргетасы үгіле бастады. Біз оны қалыпқа келтіріп, биыл іске қостық.

Павильон жөндеу көргеннен кейін биыл жылу уақытынан ерте беріліпті. Сәйкесінше қала тұрғындарынан түсетін арыз-шағымдардың да саны азайған. Жалпы, биыл қалада 3 жылу желісі қайта қалыпқа келтірілуде. Іске 2,5 млрд теңге бағытталған.Мынау – «Петропавл жылу желілері» серіктестігінің диспетчерлік орталығы. Қалаға жылу осы жерден беріледі. Экрандағы мына карта – мамандардың жіті бақылауында. Олар осы сызбаларға қарап, ақауларды анықтайды. Артынша тиісті мамандарға тапсырма береді. Биыл аталған қосын 7 млн теңгеге жаңғыртылыпты.

Андрей Калиничев – «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры:

– Диспетчерлік орталықта деректерді автоматты түрде жинайтын жүйе іске қосылды. Онда судың, ауа температурасы, атмосфералық қысым мен желдің бағыты көрсетілген. Сондай-ақ, бұл бағдарлама арқылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды, тапсырмаларды көруге болады. Былтыр біз қалада осындай 5 пункт аштық.

Сонымен қатар, кезек мәселесін шешу мақсатында «Севказэнергосбыт» серіктестігінде тұтынушы бұрышы ашылған. Енді кез келген азамат қажетті қызметті онлайн түрде ала алады. Өтініш жазу, құжат рәсімдеу сынды шаруаларды мына қос компьютердің көмегімен атқаруға болады. Қажет болған жағдайда мамандар кеңесін береді.

Бердимурат Баймухан