МТРА жаңалықтары

Биыл Қызылжар ауданындағы Асаново селосында 7 көше жөнделеді

Қызылжар ауданына қарасты Асаново селосындағы көшелерге асфальт төселіп жатыр. Жауапты шаруа маусым айында басталған. Бұл мақсатқа ел қазынасынан “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында 141 млн теңге бөлініпті. Ауылдағы оң өзгеріспен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты.

Маржан Қасымбек – тілші:

– Асаново ауылындагы мына асфальт Кеңес кезінде төселген. 2016-ға дейін жағдайы жақсы болыпты. Бірақ, 4 жыл бұрын жергілікті компания су өткіземіз деп тас жолды қопарып тастаган. Содан бері бұл жер қайта жөндеу көрмеген. Салдарынан жауын-шашын бола қалса, көшелердің миы шығып, үлкендердің жұмысқа, балалардың балабақша мен мектепке баруы қиындапты. Тұрғындардың ұзақ күткен арманы биыл орындалып жатыр.

Жол жөндеу жұмыстары маусым айының ортасында басталыпты. Мамандар бүгінге дейін 5 көшеге асфальт төсеп үлгерген. Жолдар тақтайдай тегіс болғанымен, ені қысқы дейді тұрғындар. Оны өзіміз де өлшеп көрдік. Небәрі 3 метр 10 см. Бұл жерден екі көлік қатар өтсе, соқтығысып қалуы мүмкін. Қос қапталға әлі де асфальт төсеуге болады. Алайда, солтүстікқазақстандықтар осыған да шүкір деп отыр.

–  Бұрын батпақ болды. Жауын жауғанда өте алмайтынбыз. Қазір жақсы. Істеп жатыр. Мына көшені істепті. Енді бізге көшейін деп жатыр.

–  Делают медленно. Ну, делают. А то тонули.

–  Жөндеп жатыр. Бірақ, жөнделмегені көп. Батып келесі, әйтеуір жетесің.

Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Арнайы техниканы тізгіндеген серіктестік өкілдері қазір ауылдың кіреберісіндегі басты көшеге қиыршық тас төсеуде. Ал басқа машина оны тегістеуде.

Зәуре Ажатова – Асанов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қызылжар ауданы:

– “Благоустройство-Север” ЖШС жөндеу жасап жатыр. Жұмыстары жақсы. Тұрғындар риза. Бұрын резеңке етік киіп жүретінбіз. Балаларға өте қиын болды. Асанов селосындағы тұрғындар саны – 1250.

Мамандар шаруаны қазан айының ортасында аяқтауды жоспарлап отыр. Белгіленген уақытқа дейін Асаново селосындағы 6 шақырым ішкі жол қалпына келтіріледі. Жалпы, жауапты істі атқаруға ел қазынасынан “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында 141 млн теңге бөлінген.

Маржан Қасымбек