МТРА жаңалықтары

Қазанның 1-і праймериз қатысушыларына дауыс беру басталады

Қазанның 1-і күні  түнгі сағат 12-де елде праймериз қатысушыларына дауыс беру басталады.

Үміткерлерді таңдау 3 күнге жалғаспақ. Мәслихат, мәжіліс депутаты болуға ниетті жандарға қалалықтар онлайн дауыс бере алады. Яғни, қалауын қолындағы смартфонның көмегімен немесе арнайы 10 учаскеде орналасқан компьютерлер арқылы жүзеге асырады. Ал ұялы байланыс пен интернеті нашар ауылдардың тұрғындары өздері таңдаған адамның аты-жөнін бюллетеньнен белгілейді. Мұндай солтүстікқазақтандықтардың саны 8 мың екен. Науқанның дұрыс өткізілуін комиссия өкілдері қатаң бақылауда ұстамақ. Айта кеткен жөн, осыған дейін праймеризге қатысушылар 100-ден астам пікірсайысқа қатысты. 645 кандидаттың тек 2-3-еуі ғана белгілі бір себептерге байланысты шараға ат салыспапты. Сондықтан, олар праймеризден шығарылыпты.

Әсем Рахметова – «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Сайлаудағы сияқты «тыныштық күні» деген болмайды. Әр үміткер өзінің сайлауалды агитациялық жұмыстарының барлығын primariez.kz жүйесіне енгізіп қойды. Тұрғындар оған кіріп, таныса алады. 29 мыңға тарта нұротандықтарға таңдау жасаңыздар деп айтар едім.

Маржан Касымбек