Құқық қорғау органдары

Той өткізгендер жауапкершілікке тартылды

Өткен демалыс күндері облыс орталығындағы “Эмират” пен “Созвездие” мейрамханаларында той өткен. Нысандардың әрқайсысына 100-ден аса адам жиналып, көңіл көтеріпті. Мұны тәртіп сақшылары әшкере етті. Мамандар Әкімшілік кодекстің 425-ші бабына сәйкес, мейрамхана мен той иелеріне қатысты іс қозғады. Еске сала кетейік, пандемия кезінде халықтың жаппай жиналуына қатаң тиым салынған. Бұдан бөлек, құқық қорғаушылар сенбі-жексенбі күндері шаһарда түнгі 12-ден кейін жұмыс істеген 2 саунаны анықтады. Жалпы, облыс бойынша қыркүйек айында карантин талаптарын бұзудың 99 фактісі тіркелген.

 

Бисенова Жанна