Құқық қорғау органдары

СҚО-да заңсыз айналымнан 72 қару алынды

СҚО-да «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. 3 күнге созылған шара барысында тәртіп сақшылары қару-жарақ иелерімен жүздесіп, құжаттарын тексерді. Мұның нәтижесінде заңсыз айналымнан 72 дана қару алынды.

800 полицей. «Қару» жедел алдын алу шарасына осынша тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Солтүстікқазақстандық мамандар 3 күнде 2 мыңнан аса адаммен жүздесіп, олардың аңшылық қаруаларын тексерді, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тіркелмеген дүниелер де анықталды. Мысалы, құқық қорғаушылар тұрғындардан тиісті құжаттары жоқ 70-тен аса қару тәркеледі.

Әлішер Жармағамбетов – қалалық ПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы:

– Қару иелері тексерілді. Олардың арасында 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Егер азаматтарда қару айналымы мен оны бақылау бойынша сұрақтар туындаса Петорпавл қаласы, М.Жұмабаев, 118 мекен жайы бойынша жүгінуге болатынын айтқымыз келеді.

Сондай-ақ, үйіңізде құжатсыз жатқан немесе туған-туыстан қалған қару болса, оны полицейлерге тапсырған жөн. Мамандарға 102 нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.

 

 

 

Бердимурат Баймухан