Құқық қорғау органдары

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Өткен сенбі күні Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Оқыс оқиға тапа-тал түсте шаһардың орталығында орын алды.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, машина тізгініндегі азамат рөлді басқара алмай, бордюрге соғылған. Салдарынан көлік дәл тротуарға аударылған. Апат кезінде салонда тек жүргізуші болыпты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген екен. Артынша жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Ал жақын маңдағы адамдар темір тұлпарды көтеріпті. Тексеру кезінде жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды.

Бисенова Жанна