МТРА жаңалықтары

«Urpaq» орталығы “Қазақтану” жобасын іске асыруда

«Urpaq» орталығы / “Қазақтану” жобасы аясында / тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өткізді. Бір қызығы, бұл сында / өзге ұлт өкілдері бақ сынады. Жалпы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 20 этномәдени бірлестік бар.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Түрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайтуда Ассамблея маңызды рөл атқарады. Тарихқа үңілер болсақ, 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халықтар Ассамблеясы құрылды. Араға жылдар салып, 2007 жылғы заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қоғамдық институт Қазақстан халқы Ассамблеясы деп өзгертілді. Бүгінде бұл ұйым барлық ұлттардың ортақ шаңырағы болып отыр.

Гүлбақша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

– Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бір дерегі бар. Ол – “Ұлттық бірліктің доктринасы”. Сол жердегі қазіргі уақытта ең қажеттісі – халықтың рухы.

2 жыл бұрын «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы “Қазақтану” жобасын қолға алған. Мақсат – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін өзге ұлт өкілдеріне паш ету. Сондай шаралардың бірі – Ассамблея мүшелері арасында “Тоғыз құмалақ” ойынын өткізу. “Осы арқылы өзге ұлт өкілдері қазақтың ақылына, зияткерлігіне таң қалады деп ойлаймын”, – дейді «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева.

Гүлбақша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

– Тоғызқұмалақ – интеллектуалды ойын. Адамның ойлау қабілетін жақсы дамытады. Бүгін 5 пар ойнайды. 10 шақты адам.

«Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы бұл бағытта алдағы уақытта да осындай маңызды шара өткізуді жалғастыра бермек.

 

 

 

Казиканова Алтынай