МТРА жаңалықтары

Тайынша ауданында жаға жыртысқан азаматтардың ісі сотта қаралуда

Шамамен 4 ай бұрын бір топ жігіт «Обуховский ГОК» кәсіпорнының аумағында жаға жыртысты. «Тиолайн» серіктестігі директорының орынбасары кен-байыту орнына өзімен бірге қарағандылық күзет агенттігінің өкілдерін ала келген.

Қоршаулы тұрған нысанға басып кірмекші болғанда қонақтар мен жергілікті ер азаматтардың арасында жанжал туындайды. Салдарынан 10-ға жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Ал бір кісінің жағдайы, тіпті, мүшкіл. Оның бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалған және мұрны сынған. Бейбіт күнде бір-біріне жұдырық ала жүгірген апталдай азаматтарға қатысты / кеше Тайынша аудандық №2 сотында алғашқы тыңдау өтті. Карантинге байланысты отырыстың жартысы онлайн форматта қаралды. Қылмыстық іске 7 сотталушы мен 10 жәбірленушінің қатысы бар. Алғашқы отырыс төбелеске қатысқан адамдардың айтарын тыңдаудан басталды.

Алтынбек Таңқыбаев – Тайынша ауданының прокуроры:

– 7 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-ші бабы 2-ші бөлімінің 1-ші тармағы бойынша айып тағылып отыр. Яғни, маусымның 2-сі күні «Тиолайн» серіктестігі директорының орынбасары «Арғын» күзет агенттігінің өкілдерімен бірге Обуховка кен байыту комбинатының аумағына келеді. Қонақтар кәсіпорынға кірмекші болған кезде жергілікті ұйымның күзетшілері қарсылық танытып араларында төбелес шығады.

 

 

Бердимурат Баймухан