ТЖ

Құтқарушылар кезекті рейд шарасын өткізді

Облыс орталығында жыл басынан бері 123 өрт тіркеліп, 15 адам қаза тапқан. Өрт сөндірушілердің айтуынша соңғы кездері тілсіз жаудың бас көтеруі жиілеп кеткен. Әсіресе, жеке секторда.

Кезекті жылыту маусымы бастау алған шақта мамандар алдын алу шараларына екпін беріп жатыр. Жуырда олар рейд өткізді. Тіпті, түсіндіру жұмыстарын апта сайын ұйымдастыруды жоспарға енгізген.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері әр баспананы аралап, қарапайым қауіпсіздік қағидаларын еске салады.

Даниэль Саркисян – қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері:

– Негізі, өрт оқиғаларының басым бөлігі электр құрылғыларына немқұрайлы қараудан, пешті дұрыс пайдаланбаудың салдарынан туындайды. Тұрғындар арасында біз өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынама таратамыз, сұрақтарына жауап береміз, қажет болса ақыл-кеңес айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

Бисенова Жанна