COVID-19: Қазақстан

Солтүстікқазақстандық оқушылардан коронавирус инфекциясы табылды

Өңірдегі мектеп оқушыларынан коронавирус инфекциясы табылды. Қыркүйектің 1-інен бастап індет 20 баладан анықталыпты. Олардың 7-уі штаттық режимде білім алса, қалған 13-і қашықтықтан оқыған. Сондай-ақ, Қызылжар ауданында балабақша тәрбиеленушісі де тәжді вирус жұқтырған. Науқастар байланысқа түскен 109 адам медициналық тексерістен өтті, олардың бірінен де ковид-19 табылмады. Қауіпті ауру тіркелген мектеп сыныптары уақытша карантинге жабылып, қазір қайта қалыпты режимге оралуда. Айта кету қажет, бүлдіршін мен шәкірттердің дені дерттің симптомсыз немесе жеңіл түріне шалдыққан.

 

Эльмира Садвокасова