Ауыл шаруашылығы

СҚО-да құс тұмауынан 165 мыңға жуық құс қырылып қалды

СҚО-да құс тұмауынан / 165 мыңға жуық құс қырылып қалды. Қанаттылардың өлу жағдайлары облыстың 11 ауданында, нақтырақ айтатын болсақ, 39 елді мекенде тіркелді.

Бүгінде олардың 18-і карантинге жабылды, қалғандарында патологиялық материалға зертханалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірде індетті жою және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін / кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Арнайы жедел штаб құрылды. Инфекция ошағынан 20 км радиустағы жеке аулаларда / үй құстарына вакцина егіліп жатыр. Бүгінде 85 мың 559 қанаттыға екпе егілген. Ал күні кеше ғана құс тұмауымен күреске қатысты / елдің Бас ветеринарлық инспекторының қаулысы жарияланды.

Марат Ыбыраев – СҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының басшысы:

– Қыркүйектің 24-і Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен ауру көздері болып табылатын құстарды алып қою және жою туралы қаулысы шықты. Бүгінгі күні осы жұмыстар барлық карантин пункттерінде басталды. Алынған құстардың бағасына қатысты келетін болсақ, ветеринарлық қызметтермен тіркелген қырылған және алынған барлық құс бастарының бағасы өтеледі.

 

 

 

Бердимурат Баймухан