МТРА жаңалықтары

Праймериз қатысушыларының дебаты жалғасуда

Бүгін / болашақта / мәслихат пен мәжілісте халық қалаулысы боламын деген үмкіткерлердің кезекті дебаты өтті. Пікірсайыста / әлі шешімін таппаған талай әлеуметтік сұрақ көтерілді және оны біржақты етудің амалдары айтылды.

Депутаттық мандаттан үміткерлердің көздегені бір – халықтың тұрмысын жақсарту. Жұртшылықтың әл-ауқатын көтеру үшін ең маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қажет. Праймеризге қатысушылардың бағдарламасы да дәл осы мәселелерге негізделген.

Айзада Рахметова, «Nur Otan» партиясы СҚОФ бөлім меңгерушісі:

– Тұрғын үй, білім, медицина мәселелерін көтеріп жатыр.

Осыған дейін праймеризге қатысушылар арасында 80 пікірсайыс өткізілді. Дебаттан дебатқа дейін айтылған, көтерілген мәселелер ұқсас. Жаңашылдық – бірең-сараң. Бүгінгі пікірсайысқа қатысушылардың да басым бөлігі – білім саласының өкілдері. Сәйкесінше, қаузалған тақырып – осы. Бірі /заң жүзінде бекітілсе де, іске келгенде саябырсып қалған “педагог” мәртебесіне қатысты тоқталды. Енді бірі көңіліміз жиі тола бермейтін оқыту бағдарламасы мен кітаптардың сапасына ден қойды. Тіпті “депутат болсам осыны істеймін” деген жоспарлардың барлығын тізбектеуге 5 минут уақыт та аздық етті. Кей ұсыныстар өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың көңілінен шыққан көрінеді. Аймақ басшысы праймеризге қатысушылардың ілкімді ойларын өзіне түртіп отырды.

Айзада Рахметова, «Nur Otan» партиясы СҚОФ бөлім меңгерушісі:

– Ішкі партиялық сайлауға 645 кандидат қатысып жатыр. Қазір олар дебатқа қатысып жүр.

Пікірсайыс – праймериздің ең маңызды әрі ең қызық бөлігі саналады. Еске сала кетейік, партиялық ішкі сайлаудың дауыс беру кезеңіне дебаттан сүрінбегендер ғана өте алады. Әзірге, біздің өңірде депутаттықтан үміткерлердің ешбірі бұл кезеңнен жығылмады.

Эльмира Садвокасова