Қоғам

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – жыл басынан бері ұйымдастырылып отырған 6-шы шара.

Жұмыс орындарының жәрмеңкесі қалалық мәдениет үйінде өтті. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға / 20 мекемеден / мың вакансия таныстырылды. Олардың басым бөлігі “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылып отыр.

Жанат Нұрахметов – қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

– Бүгінде 1500-ден аса тұрғын жұмыс іздеп жүр. Мұндай жәрмеңкелерге олардың тек 150-ге жуығы ғана келеді. Оның өзінде бар-жоғы 5-6-уы ғана өзі қалаған істі табады. Себебі, тұрғындардың көбі біз ұсынған қызметті атқарғысы келмейді. Кәсіпорындарға баратындардың да саны аз.

 

 

 

Бердимурат Баймухан