Құрылыс

Петропавлда 18 қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Петропавлда 18 қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Оның қасында тағы / дәл осындай 2 нысан салынып жатыр. Бұл / шаһардағы ең биік баспаналар болмақ.

Бұл – “Жас өркен” ықшам ауданында тұрғызылып жатқан 18 қабатты үй. Құрылысы өткен жылдың жазынан бері жүріп жатыр. Бұған дейін орнында ескі жер үйлер болған екен. Мердігер – «Основание» серіктестігі.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:

– Қазір төбесін нығыздап жатырмыз. Кейін ішкі әрлеу жұмыстарына көшеміз. Құрылысқа 60-қа жуық адам тартылған. Қажетті материалдар уақытында жеткізіліп жатыр. Қызу жұмысымызға ауа райы кедергі келтірмесе, кестеден қалмаймыз.

Жоспар бойынша нысан 2021 жылдың наурыз айында тапсырылуы тиіс. Мердігердің айтуынша, құрылыс жұмыстарының қарқыны қызу. Кесте бойынша алда келе жатыр. Келер жылы жаңа пәтерлердің кілті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына табысталатын болады.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:

– Бұл – 108 пәтерлі үй. Нысанда 3 бөлмелі – 36, дәл осы көлемде – 2 және 1 бөлмелі пәтерлер бар. Әр қабатта 6 баспанадан орналасқан. Құрылыс жұмыстары жылдың соңында аяқталуы тиіс.

Жанна Бисенова – тілші:

– Салынып жатқан 18 қабатты үй шаһардағы ең биік тұрғын үй болмақ. Құрылыс жұмыстары былтыр шілде айында басталды. Бүгінде шаруа 85 пайызға аяқталған.

Баспананың құрылысына 1 млрд 300 млн теңге қаржы жұмсалған.
Қалада бұдан басқа 18 қабатты тағы 2 үй салынып жатыр. Бұл нысандар да келер жылы тапсырылуы тиіс.

 

 

 

 

Бисенова Жанна