Білім

Жергілікті университетте Көшбасшылықты дамытудың білім беру орталығы ашылды

Бірегей білім беру әдістемесі. Kozybayev University-де “ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ” ДЕП ОҚЫЛСЫН/ көшбасшылықты дамытудың білім беру орталығы ашылды.

Орталық еуропалық Эразмус+ атты жоба аясында құрылған. Мақсат-міндеті педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастама 3 жылға жоспарланып отыр. Ұстаздардың біліктіліктерін одан әрі арттыру жөнінен мұнда семинарлар, арнайы курстар мен түрлі конференциялар ұйымдастырылатын болады.

Арайлым Мағзұмова – Kozybayev University көшбасшылықты дамытудың білім беру орталығының директоры:

– Жыл соңына дейін педагогтардың бойында көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған жоспар жасалатын болады. Сонымен қатар, аймақтың мұғалімдері үшін де біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Мұндай курстарға болашақта өзін көшбасшы көретін ұстаздардың барлығы қатыса алады.

Дана Ешкенова