Құрылыс

Петропавлда ДАТА-орталықтың құрылысы жүріп жатыр

[youtubehttps://youtu.be/nNgvnFPMYlg][/youtube]

Петропавлда  елдегі ең ірі ДАТА-орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Нысан бұрынғы Калинин атындағы зауыттың орнында бой көтереді. Бұл мақсатқа 18 млрд инвестиция бағытталып отыр.

Кезінде дүркіреп тұрған Калинин атындағы зауыт жұмысын тоқтатқаннан кейін 10 жылдан астам уақыт бойы бос жатты. Осы аралықта кей ғимараттардың қабырғалары құлап, шатыры тесіліп, ішіне су толған. Нысанның үлкендігі соншалық, 28 бөліктен тұрады. Оның бүгінде жартысынан көбі жарамсыз. 2018 жылы ғимаратты алматылық ірі кәсіпкер сатып алды. Ол қолдануға болады деген 10 бөлігін қазір қалыпқа келтіріп жатыр. Болашақта бұл жерден жаңа «ДАТА-орталық» ашылады.

Болатбек Жүсіпов – «PP Solutions» ЖШС жергілікті филиалының директоры:

– Бұл зауыттың аумағы 26 гектарды құрайды. 00:54 Барлығы 17 нысан жарамсыз. Кей ғимараттарды қосалқы станцияның орнына демонтаждап жатырмыз. Жоба 4 бөліктен тұрады.

«ДАТА-орталық» деген не? Ол қандай қызмет атқарады? Енді осыған тоқталып өтейік. Мекемеде арнайы құрылғыларда серверлер мен телекоммуникация компоненттері сақталатын болады. Қарапайым тілмен айтқанда, құнды мәліметтер мен ақпараттар осында қорғалады.

Болатбек Жүсіпов – «PP Solutions» ЖШС жергілікті филиалының директоры:

– Мысалы, жобалау, жобалау бағдарламалары мен рендеринг өңделіп, ауқымды ақпараттар сақталады.

Оның дәл осы жерде салынып жатқандығының өзіндік себебі бар. Заманауи мекемедегі құрылғыларға үздіксіз электр энергиясын беріп отыру қажет. Бұл маңға тоқ тарататын кәсіпорын жақын орналасқан. Ол – Электр желілік тарату компаниясы. Алдағы уақытта қос тарап өзара келісімшартқа қол қоюды көздеп отыр. Ал екінші себеп мынада: техника үздіксіз жұмыс істеп тұратындықтан, қызып кетуі мүмкін. Солтүстіктің салқын ауасы оны бір қалыпта ұстап тұруға ықпал етпек.

Болатбек Жүсіпов – «PP Solutions» ЖШС жергілікті филиалының директоры:

– Бұл 300 мегаВаттқа арналған «ДАТА-орталық». Қазақстандағы ең ірі мекеме болады. Жобаны жүзеге асыруға 18 млрд теңге бағытталған.

Заманауи орталықтың құрылысын 2023-ші жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Маржан Қасымбек