МТРА жаңалықтары

JÝSAN Bank тауардың құнын бөліп төлеуге арналған картаны іске қосты

Қолжетімді әрі қолайлы! Жуырда JÝSAN Bank-і тауардың құнын бөліп төлеуге арналған картаны іске қосты. Оны еліміздің кез келген өңірінде, тіпті, шетелде де қолдануға мүмкіндік бар. Қалтаңыз жұқарған кезде құны 20 мыңнан асатын тауарға көңіліңіз ауа қалса әп-сәтте ешбір комиссиясыз кредиттік карта рәсімдеуге болады.

Өткен жылдың көктемінде “Цеснабанк”-тың атауы “JÝSAN Bank”-ке ауыстырылды. Қазір аталған қаржы ұйымы көпшілікке жақсы таныс. Мұнда клиенттер негізінен кредит рәсімдейді, депозит ашады, ақша аударымдары мен автосақтандыру сынды қызметтерді пайдаланады. Жақында тағы бір оң өзгеріс орын алды. Қолданысқа кез келген тауардың құнын бөліп төлеуге арналған карта енгізілді. Бұл картаны 20 мың мен 1 млн теңгенің аралығындағы сомаға толтыруға болады. Ал алған ақшаны 3 пен 12 айдың аралығында қайтарасыз. Ең бастысы, комиссия ұсталынбайды.

Жанна Каймульдина – “First Heartland JÝSAN Bank” АҚ СҚОФ директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:

– Жаңадан шығарған картамыздың басқа карталардан артықшылығы – оны Қазақстан бойынша және шетелде кез келген дүкенде қолдануға болады. Ешқандай шектеу жоқ. Тек сауда орындарында POS-терминал жұмыс істеп тұрса жеткілікті. Бұған қоса, интернетте де қалаған затыңызды ала аласыз. Яғни, “JÝSAN Bank”-тің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасай бересіз.

Жаңа картаға 21 мен 63 жас аралығындағы кез келген қазақстандық тапсырыс бере алады. Тапсырыс беру ақысыз түрде жүзеге асырылады. Бұдан да оңай жолы бар. Енді кезекте тұрып, менеджерге жүгініп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Қазір “JÝSAN Bank”-те “Картомат” деген құрылғы жұмыс істейді. Аталған бірегей дүниенің көмегімен тауар құнын бөліп төлеуге арналған картаны аз уақыттың ішінде алуға болады. Ол үшін азаматтың жеке куәлігі ғана қажет.

Александр Петрушов – “First Heartland JÝSAN Bank” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Алдымен тауар құнын бөліп төлеуге арналған картаның түрін таңдаймыз. Кейін, клиент экранда көрсетілген шарттармен танысады. Содан соң өзінің жеке телефон нөмірін жазып, жеке куәлігін құрылғыға енгізеді. Осы сәтте “Картомат” алдында тұрған адамды фотоға түсіреді. Бұл фото арқылы заманауи дүние тұлғаны танып, әрі қарай қызмет көрсетеді. Яғни, картаны басып шығарады. Бұған небәрі 3-4 минут уақыт жұмсалады.

Мұндай заманауи құрылғыны “JÝSAN Bank” өкілдері өңірімізде 2 жерге қойыпты. Біреуі Петропавлдағы Абай көшесі, 41 мекен-жайы бойынша орналасқан қаржы ұйымының бөлімшесіне орнатылған. Ал екіншісі Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде тұр. Осы орайда жеке тұлғалар үшін әзірленген мобильдік қосымша жайлы толығырақ баяндай кетейік.

Қосымша арқылы түрлі істі жүзеге асыруға болады. Тіпті, үйден шықпай-ақ жедел несие де рәсімдеуге мүмкіндік бар. Жалпы, “JÝSAN Bank”-те 2 жарым млн теңгеге жуық несие алуға болады. Қарыз 3 жылға дейін беріледі.

Дана Сәлімқызы