Тұлға

Сәбит Мұқанов туралы жазылған “Келбет” кітабының тұсауы кесілді

Сәбит Мұқановтың көпке белгісіз қырлары паш етілген. Бүгін облыстық кітапханада жазушы жайлы жазылған “Келбет” атты туындының тұсауы кесілді. Құнды шығарма оңтүстікқазақстандық әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбектің қаламынан туған.

Өмірде болған оқиғаның бәрі кітапқа кіруге сұранып тұр. Француз ақыны жазғандай бұл өлең жолы Сәбит Мұқановқа арналып айтылғандай. Жерлес жазушы да өзі көрген, жүрегінің түбінен терең орын алған жайттардың барлығын маржандай тізіп отырған екен. Халқының мұңы мен сырын ғана емес, мәдениетін, ерекше қырларын қағазға түрткен.

Зарқын Тайшыбай – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

–  Сәбеңнің артықшылығы – бұл дүниеде мәңгі емес екендігін ойлап, өзінің, оған келген баланың хатын жинап отырған. 03:03 Сәбит Мұқанов орыстың, батыстың мәдениет иелерінің дәстүрін сақтап, күнделік жасаған.

Сәбит Мұқанов қалдырған құнды мәліметтермен танысып, зерттеу жүргізген жандар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбек. Ол Сәбең жайлы ақпарат жинап қана қоймай, кітап етіп шығарды. Бүгін өңірдің зиялы қауымы облыстық кітапханада «Келбет» деп аталатын туындының тұсауын кесті.

Зарқын Тайшыбай – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

–  Құлбек Ергөбек Сәбеңді ұлдарынан да артық біледі. Себебі, ол – жерлесіміздің жазған-сызғандарын, ешкім білмейтін сырларын білетін зерттеуші. Соларды қорытып бізге жеткізіп отыр. Үлкен еңбектің ғұмыры ұзақ болады.

Құнды әрі қасиетті шығарманың тұсаукесеріне ұлағатты ұстаз Күлмаш Тілегенова да келді. Өмірінің 40 жылын мұғалімдікке арнаған зейнеткерге кезінде Сәбит Мұқановпен жүздесудің сәті туып, ақыл-кеңесін алған екен. Кейін, оқып-тоқығанын оқушыларына айтып беріпті.

Күлмаш Тілегенова:–  Ол кісі жайлы мектепте оқып жүргенде жиі еститінбіз. Кітаптарын оқып, жылағанбыз.  Барлық жақсылықты біз кітаптан алдық.

Кітап, әзірге, 500 данамен жарыққа шығып отыр. 20-сы біздің өңірге жол тартыпты.

Маржан Қасымбек