Құқық қорғау органдары

Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

“Қауіпсіз жол”! Осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облысында жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Қыркүйектің 22-сінен 24-іне дейін жалғасатын акцияда тәртіп сақшылары / жолдағы ережелердің сақталуын қатаң бақылауда. Себебі, көлік апаттарының басым көпшілігі жылдамдықты шамадан тыс асырудан орын алады екен. Осы орайда аз-кем статистиканы баян етейік. Жыл басынан бері өлкемізде 4 мыңға жуық / құйындай жүйткіген жүргізуші құрықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Сонымен қатар, темір тұлпарды масаң күйде басқарған 645 адам анықталған. Ащы судан ұрттап, рөлге отырған жандар 15 тәулікке қамауға алынады және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Байболат Култанов